
Сарыағаш ауданында «5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне» орай «Тіл – достық пен ынтымақтастықтың көпірі» атты салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, өнерпаздар, жастар және аудан тұрғындары қатысты.
Нұрполат Талипов тілдің ел бірлігін бекемдеудегі маңызына тоқталып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға ризашылығымды білдіріп, барша аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Іс-шара барысында ауданның қоғамдық-мәдени өміріне белсенді араласып, өнер мен шығармашылық саласында жетістіктерге жетіп жүрген бірқатар ел ағалары мен жастар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, көпшілік назарына тіл мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін көрме ұсынылды. Сонымен қатар көрермендерге мазмұнды сахналық қойылымдар көрсетілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1285568?lang=ru

Жауап қалдыру