Балқашта оқушыларға жаңа спорт алаңы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балқаш қаласында оқушылардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасалуда. Қоңырат шағынауданында Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 мектеп оқушыларына арналған жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді.

Қос білім беру ұйымының бірігуінен кейін қосымша спорт инфрақұрылымына қажеттілік туындаған. Қазіргі таңда мектепте 497 бала білім алады.

Жаңа алаңда арнайы белгіленген футбол алаңы, қақпалар, көше тренажерлері орнатылған воркаут аймағы және жүгіруге арналған жолақтар бар. Қауіпсіз әрі заманауи жабын мұнда дене шынықтыру сабақтарын, жаттығулар мен спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Жоба «Сары Қазына» ЖШС мен «Медная компания Коунрад» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен «Коунрад» жеке қоры арқылы жүзеге асырылды.

— Мектеп жанындағы спорт алаңы — балалардың денсаулығы мен болашағына қосқан үлесіміз. Балалардың спортпен айналысып, белсенді уақыт өткізуіне көбірек мүмкіндік болғанын қалаймыз, – деді «Коунрад» қорының басқарма мүшесі Раулан Қозғамбаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1285580?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді