
Сарыағаш ауданында көлік инфрақұрылымын дамытуға және өңірдің транзиттік мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған ауқымды жобалардың бірі – «Дарбаза–Мақтаарал» жаңа теміржол желісінің құрылысы жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Аталған жобаның барысын бақылау мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысты. Жұмыс сапары барысында аудан басшысы нысандағы құрылыс қарқынын саралап, жауапты мамандармен және мердігер ұйым өкілдерімен пікір алмасты.
Қазіргі уақытта аудан аумағында жоба аясындағы маңызды нысандардың бірі – «Ердәуіт» теміржол станциясының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс алаңында топырақ жұмыстарымен қатар, инженерлік желілерді жүргізу және қажетті құрылыс-монтаждау шаралары белгіленген кезеңдерге сәйкес орындалуда. Жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1285577?lang=ru

Жауап қалдыру