Жезқазғанда Қазақстан ТЖМ өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаттарының екінші күні аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ТЖМ өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы чемпионаттарының екінші жарыс күні аяқталды.

  Жарыстың екінші күнінде спортшылар «Кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту» тәртібі бойынша сынға түсті. Қатысушылар жоғары жылдамдық, дене дайындығы, үйлесімділік және кедергілерді еңсеру техникасын көрсетті. Жүлделі орындар үшін тартыс жоғары деңгейде өтіп, үздік спортшылардың нәтижелері арасындағы айырмашылық секундтың жүзден бірнеше бөлігін ғана құрады.

  Ерлер арасындағы жеке есеп:

  1 орын – Мауланов Сарвар, Шымкент қаласы ТЖД, нәтижесі 15,99 сек;
  2 орын – Савон Дмитрий, Ақмола облысы ТЖД, нәтижесі 16,19 сек;
  3 орын – Абильбаев Динмухамед, Алматы қаласы ТЖД, нәтижесі 16,26 сек.

  Ерлер арасындағы командалық есеп:

  1 орын – Ақмола облысы ТЖД, 100,33 сек;
  2 орын – Астана қаласы ТЖД, 101,13 сек;
  3 орын – Шығыс Қазақстан облысы ТЖД, 102,78 сек.

  Ерлер арасында екі талпыныс қорытындысы бойынша күннің үздік нәтижесін Ақмола облысы ТЖД спортшысы Мухамедали Асхат көрсетті – 15,98 сек.

  Әйелдер арасындағы жеке есеп:

  1 орын – Лукьянова Алёна, Қостанай облысы ТЖД, нәтижесі 16,90 сек;
  2 орын – Подгородецкая Кристина, Астана қаласы ТЖД, нәтижесі 17,05 сек;
  3 орын – Реджеметова Ситора, Маңғыстау облысы ТЖД, нәтижесі 17,28 сек.

  Әйелдер арасындағы командалық есеп:

  1 орын – Қостанай облысы ТЖД, 106,10 сек;
  2 орын – Астана қаласы ТЖД, 111,10 сек;
  3 орын – Алматы қаласы ТЖД, 111,28 сек.

  Әйелдер арасында екі талпыныс қорытындысы бойынша күннің үздік нәтижесін Маңғыстау облысы ТЖД спортшысы Реджеметова Ситора көрсетті – 16,57 сек.

  Осылайша, екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша спортшылар екі тәртіпте өз шеберліктерін көрсетіп, жоғары деңгейдегі дайындықтары мен жеңіске деген жігерлерін танытты.

  Ертең чемпионат қатысушылары «4×100 метр өрт эстафетасы» тәртібі бойынша жарысты жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1285587?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді