ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

 

Кеше Жосалы кенті әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың төрағалығымен қоғамдық кеңес отырысы болып өтті. 

Кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алдымен Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Кенжегулов «Қармақшы ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жайлы» хабарлама жасап, аталған хабарлама аудандық қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан мақұлданып, мұқтаж азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жайлы тиісті шешім қабылданды.

 Одан соң Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің     басшысы міндетін атқарушы Д.Дүйсембеков «Қармақшы ауданының жаңа ресми нышан (логотип) нұсқасының жобасы жайлы» баяндап, жаңа ресми нышан (логотип) нұсқасын аудандық қоғамдық кеңес мүшелеріне келісімге ұсынды.

 Қоғамдық кеңеске ұсынылған «Қармақшы ауданының жаңа ресми нышан (логотип) нұсқасының жобасы кеңес отырысында жасалған ұсыныстарға сәйкес мақұлданып, келісім берілді.

Кеңес отырысында Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ә.Құлдүйсенов Жосалы кенті тұрғыны Р.Сейтназарованың өтініші жайлы, осымен қатар Жосалы кенті тұрғындарының өтініштері жайлы және Қармақшы аудандық қоғамдық кеңестің төралқа  құрамына және салалық комиссиялар құрамына өзгерістер енгізу жайлы хабарлама жасап, аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.        

          Осымен бірге Жосалы кенті тұрғыны Р.Сейтназарованың өтініші мақұлданып, тиісті аудандық бөлімдерге ұсыныстар берілді.

Жосалы кенті тұрғындарының өтініштеріне сәйкес Қармақшы ауданы әкімдігіне ұсыныс енгізу туралы кеңес мүшелері тарапынан ұсынылды.

Сонымен қатар аудандық қоғамдық кеңес отырысында Қармақшы аудандық қоғамдық кеңестің төралқа  құрамына және салалық комиссиялар құрамына өзгерістер енгізілді.

    

   ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karmakshy/press/news/details/1285583?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді