ҚР Ұлттық қорғаныс университеті Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жаппай жүгіру ұйымдастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің жеке құрамы, магистранттар мен докторанттар елордада өткен жарысқа қатысты.

– Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай біз бірқатар еске алу, ғылыми-зерттеу, ағарту іс-шараларын жоспарладық. Жуырда ғана Ұлы Отан соғысы батырларының ұлт тарихына қосқан үлесі туралы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бүгінгі жарыс – майданда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу, әрі бүгінгі күнге аман жеткен соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет, – деді Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков

Айта кетейік, шараға үш жүзден астам адам қатысты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/984439?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді