Шолпан ауылындағы өрт сөндіру бекеті жазғы кезеңде халық қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының басында жұмысын бастаған Шолпан ауылындағы өрт сөндіру бекеті алғашқы жазғы маусымды нәтижелі өткізді. Жыл басынан бері қызмет көрсетіп келе жатқан маңызды нысан жазғы кезеңде штаттық режімде жұмыс істеп, ауыл тұрғындарының және елді мекенге іргелес аумақтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосты.

Жазғы кезеңдегі аптап ыстық пен құрғақшылық жағдайында бекет қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарып, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге тұрақты дайындықта болды. Сонымен қатар, дала және басқа да өрттердің алдын алу, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру, сондай-ақ ықтимал қауіптердің алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Шолпан ауылдық өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жаз бойы төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жауапты әрі нәтижелі қызмет атқарып, елді мекен тұрғындарының қауіпсіздігін сақтауға өз үлестерін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar-sholpan/press/news/details/1285697?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді