
9-10 қыркүйек күндері Атырау қаласында «Saraishyq Upgrade 2026» халықаралық жастар форумы өтеді. Форумға 300-ден астам жас қатысып, 6 бағыт бойынша тәжірибелі мамандардан білім алып, кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алады.
Бағдарлама аясында 15 спикер өз саласындағы тәжірибесімен бөліседі.
- Маркетинг: Фарангиза Шукашева, Сабина Бейсенбай;
- Хореография: Руфина Карева, Амангелді Ислам;
- Музыка: Дастан Оразбеков, Ренат Аубакиров;
- Event: Сандуғаш Абдиева, Бекболат Ізім;
- Кинематография: Олжас Нурбаев, Амангелді Ерғазиев, Самат Тогуспаев;
- Жасанды интеллект: Досжан Жусупов, Серікболсын Ұзақбаев.
Форум барысында қатысушылар өз саласының мамандарымен тәжірибе алмасып, жаңа білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Сонымен қатар кәсіби байланыстар орнатып, өз идеяларын таныстыруға және жаңа жобаларды дамытуға мүмкіндік алады.
«Saraishyq Upgrade 2026» – жастардың білімін жетілдіруге, тәжірибе алмасуына және жаңа кәсіби мүмкіндіктерге жол ашатын халықаралық алаң.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1285745?lang=ru

Жауап қалдыру