К. Сәтбаев атындағы мектеп-лицейде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді дамыту аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім алуға, дамуға және әлеуметтік бейімделуге қолайлы жағдай жасауға бағытталған арнайы қолдау кабинеттері ашылуда.
Ақтөбе қаласындағы К. Сәтбаев атындағы мектеп-лицейде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды. Кабинет заманауи дамытушы және сенсорлық материалдармен, сондай-ақ жеке және топтық жұмыстарға арналған қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
 Қазіргі таңда мектепте 33 оқушы инклюзивті білім беру жағдайында білім алуда. Әрбір бала үшін оның жеке білім алу қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеретін қолайлы орта қалыптастыру маңызды.
Жаңа кабинетте психолог, дефектолог, логопед және педагог-ассистентпен жұмыс жасауға арналған арнайы аймақтар, сондай-ақ жеке сабақтарға, демалыс пен шығармашылыққа арналған кеңістіктер қарастырылған.
 Кабинет ұсақ моториканы, зейінді, есте сақтау қабілетін, ойлау жүйесін, коммуникативтік дағдыларды және дербестікті дамытуға арналған материалдармен және құралдармен жабдықталған. Мамандардың жұмысында сенсорлық ойындар, мозаикалар, танграмдар, магнитті лабиринттер, математикалық планшеттер, сенсорлық кітаптар және басқа да дамытушы құралдар қолданылады.
Мұндай кабинеттерді ашу әрбір балаға қажетті қолдау көрсетілетін, оның қабілетін ашуға, дағдыларын дамытуға және мектеп өміріне толыққанды қатысуына мүмкіндік беретін қолжетімді әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1285788?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді