
2026 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитеті Департаментінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы А.М. Валеев «Қызылту ұн комбинаты» ЖШС қызметкерлері үшін семинар өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы қызметкерлердің еңбек міндеттерін атқару кезіндегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері болды. Семинар барысында мемлекеттік еңбек инспекторы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жұмыс орындарында белгіленген қауіпсіздік талаптарының сақталуы бөлігіндегі талаптарын түсіндірді. Қызметкерлерді міндетті сақтандыру мәселелеріне, жұмыс берушінің қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша міндеттеріне, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Ашық диалог форматында семинарға қатысушылар ҚР Еңбек заңнамасына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1285794?lang=ru

Жауап қалдыру