Омбудсмен жеке қабылдау өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының әрекеттері мен шешімдерімен және сот актілерімен келіспеу мәселесі бойынша өтініш берушіні жеке қабылдады.

Қабылдау барысында Омбудсмен ұсынылған материалдарды зерделеп, көтерілген мәселелер бойынша толық түсіндірмелер берді.

Азаматтарды қабылдау Уәкіл мен оның кеңсесі қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Омбудсменнің мандаты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары мен соттың қызметіне араласпай, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге жәрдемдесуден тұрады.

Жыл басынан бері Артур Ластаевтың өзі 162 өтініш берушіні, оның кеңсесінің қызметкерлері – 59, ал өңірлердегі өкілдері 1 790 өтініш берушіні жеке қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1285806?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді