
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ЖҮРЕКТЕН
Еңбекші ауылдық округінде қайырымдылық пен мейірімділікті насихаттау мақсатында игі іс-шара ұйымдастырылды.
Қайырымдылық акциясына ауылдық округтің мәдениет үйінің қызметкерлері, жастар нұсқаушысы және ауыл жастары белсене қатысып, өз үлестерін қосты.
Акция барысында ауылымыздағы жалғыз басты анамыздың үйіне арнайы барып, ауласын тазалап, ретке келтіру жұмыстарына көмектестік. Жастар мен мәдениет қызметкерлері ауладағы қоқыстарды жинап, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бұл – үлкенге құрмет көрсетіп, көмекке мұқтаж жанға қолдау білдірудің жарқын үлгісі.
Іс-шара соңында апамыз өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Ақ жаулықты анамыздың батасы акцияға қатысқан барша азаматтарға ерекше әсер қалдырды.
Осындай игі бастамалар ауыл тұрғындарын бірлікке, жанашырлыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді.
Қайырымдылық – тек көмек көрсету ғана емес, адамға жылу сыйлап, қоғамдағы мейірімділік пен өзара қолдауды арттыру.
Еңбекші ауылдық округінде алдағы уақытта да осындай қайырымды істер жалғасын табады!
Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келеді!
Бірге жасаған игі іс – елге ортақ қуаныш!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-enbekshi/press/news/details/1285814?lang=ru

Жауап қалдыру