
Саңырауқұлақ теру маусымы басталысымен адамдар орманға қарай ағылады. Алайда, егер сіз саңырауқұлақ теру кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз, бұл денсаулыққа үлкен қауіп төндіруі мүмкін.
Саңырауқұлақтар теру, тасымалдау, сақтау және пісіру кезінде ерекше назар аударуды талап ететін өнімдерге жатады. Кейбір улы саңырауқұлақтар жеуге жарамды саңырауқұлақтарға ұқсайды, сондықтан тәжірибелі саңырауқұлақ терушілердің өзі сақ болуы керек.
Негізгі ереже – жеуге жарамды саңырауқұлақтарды ғана теру. Саңырауқұлақтардың уыттылығын халық арасында таралған әдістер арқылы дәл анықтауға болмайды.
Саңырауқұлақтарды қауіпсіз терудің негізгі ережелері
- Тек жақсы танитын саңырауқұлақтарды теріңіз;
- Ескі, өсіп кеткен, құрт түскен және зақымдалған саңырауқұлақтарды алмаңыз;
- Саңырауқұлақтарды ластанған жерлерден жинамаңыз (Оларды автокөлік жолдарының бойында, өндірістік нысандардың, полигондардың және басқа да ластану көздерінің жанында жинау ұсынылмайды);
- Шикі және белгісіз саңырауқұлақтарды жемеңіз (Саңырауқұлақтарды тиісті өңдеуден және дайындаудан кейін ғана қолдануға болады);
- Жиналған саңырауқұлақтарды бөлме температурасында ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Олар тез бұзылатын өнімдерге жатады;
- Пісіру және сақтау ережелерін сақтаңыз. Егер бүліну белгілері болса немесе сақтау шарттары бұзылса, саңырауқұлақ тағамдарын тұтынбаңыз;
- Рұқсат етілмеген сауда орындарынансаңырауқұлақтарменүйде дайындалған өнімдерді сатып алмаңыз.Жасалу жағдайы белгісізтағамдар,соныңішіндеүйде жасалғансаңырауқұлақконсервілеріаса қауіпті болып келеді;
Негізгі қауіптердің бірі – үйде дайындалған консервіленген саңырауқұлақтар. Консервілеу және сақтау технологиясы бұзылған кезде ботулизмнің пайда болу қаупі бар, бұл жүйке жүйесінің зақымдануына және тыныс алудың бұзылуына әкелетін қауіпті ауру.
Қолданыстағы Санитариялық қағидаларға сәйкес қоғамдық тамақтану объектілерінде өнеркәсіптік емес (үйде) жолмен дайындалған герметикалық қаптамадағы саңырауқұлақ консервілерін тұтынуға және пайдалануға жол берілмейді, сондай-ақ жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың пайда болу қаупін тудыруы мүмкін тамақ өнімдерін пайдалануға жол берілмейді.
Саңырауқұлақтарды тұтынғаннан кейін жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, іш өту, қатты әлсіздік, бас айналу немесе жай-күйдің нашарлауының басқа белгілері пайда болса, шұғыл медициналық көмекке жүгіну керек.
Ботулизм кезінде көру қабілетінің бұзылуы, көзге қос көріну, ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы, сөйлеу мен тыныс алудың бұзылуы байқалады. Мұндай белгілер көрініс тапқан жағдайда, бірден көмекке жүгіну керек. Өзін-өзі емдеуге немесе жағдайдың өздігінен жақсаруын күтуге болмайды.Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға саңырауқұлақтарды теруге, сатып алуға, дайындауға және сақтауға жауапкершілікпен қарауға кеңес береді. Қарапайым ережелерді ұстану – Сіздің отбасыңыздың денсаулығын сақтайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1285851?lang=ru

Жауап қалдыру