Павлодарда «Мен қазақша сөйлеймін!» облыстық конкурсы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысында Қазақстан халқының тілдері күніне орай өзге этнос өкілдері арасында «Мен қазақша сөйлеймін!» облыстық конкурсы өтті.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, оның қолданылу аясын кеңейту және қазақ тілін меңгерген азаматтарды ынталандыру.

Конкурсқа облыстың қалалары мен аудандарынан 19 өтінім түсіп, талаптарға сәйкес 13 қатысушы іріктелді. Қатысушылар қазақ тілін меңгеру тарихымен бөлісіп, қазақ ақындарының шығармаларынан үзінділер орындады.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Баянауыл ауданының өкілі Москвитина Аделина Олеговна, ІІ орынды Павлодар қаласының қатысушысы Симакина Нина Сергеевна, ІІІ орынды Шевчук Кристина Романовна иеленді.

Барлық қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«Тілдер айлығы» аясында облыстың қалалары мен аудандарында тіл, мәдениет және тарихты насихаттауға бағытталған 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1285862?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді