
«ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫН ЕЛЕМЕГЕНДЕР ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ЖАЛТАРА АЛМАЙДЫ»: ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ АСТАНАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астанадағы құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды күшейтеді.
Мұндай шешім мемлекеттік органдар мен құрылыс саласының өкілдері қатысқан кеңестің қорытындысы бойынша қабылданды.
Елордада мұнаралы крандардың құлауына байланысты екі жазатайым оқиға орын алған болатын. Соның салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алды. Әрбір оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізіліп жатыр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілгенін атап өтті. Сала өкілдеріне еңбек қауіпсіздігі талаптарына формалды қарауға болмайтыны ескертіліп, анықталған бұзушылықтарды жоюға уақыт берілген.
«Біз құрылыс компанияларына профилактикалық жұмыстар жүргіздік, ескерту жасадық, анықталған бұзушылықтарды жоюға уақыт бердік. Соған қарамастан қауіпсіздік талаптарын елемегендер жауапкершіліктен жалтара алмайды», – деп мәлімдеді Ербол Тұяқбаев.
Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыс нысандарында жоспардан тыс тексерулер жүргізу мәселесін қарау тапсырылды.
Талаптардың сақталмауы анықталған жағдайда материалдар тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, заңда көзделген шаралар қабылданады.
Сондай-ақ жазатайым оқиғалар мен кемшіліктер қайталанатын ұйымдардың жұмысы жеке талданбақ. Инспекторлар бұған дейінгі тергеу нәтижесінде анықталған себептер мен бұзушылықтардың қаншалықты толық

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1285886?lang=ru

Жауап қалдыру