
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасына сәйкес, Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр Алматы облысы мәслихаттары депутаттарының отырысына қатысты.
Жиында Роман Скляр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысының әкімі лауазымына екі кандидат – бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевты ұсынған хатын депутаттарға таныстырды.
Отырысқа барлығы 178 депутат қатысты. Ашық дауыс беру нәтижесінде Шыңғыс Әріновтің кандидатурасын депутаттардың 83%-ы қолдады. Осыдан кейін Мемлекет басшысының тиісті Жарлығымен Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/1285967?lang=ru

Жауап қалдыру