
1 қыркүйек күні Діни бірлестік жетекшілері клубының 2-ші бағыты – «Салауатты рух» аясында діни бірлестіктердің жетекшілері арасында боулингтен турнир өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық белсенділікті арттыру және діни бірлестіктердің жетекшілері арасында өзара достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту.
Турнирге 10 діни бірлестік жетекшісі қатысып, өзара бақ сынасып, дәлдік пен ептіліктерін көрсетті. Әр қатысушы жеке есепте өнер көрсетіп, нәтижелері жинаған ұпай саны бойынша бағаланды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1285973?lang=ru

Жауап қалдыру