Мұнайлыда оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында білім беру ұйымдарында оқушыларға жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша профилактикалық түсіндіру сабақтарын өткізуде.

Кездесулер барысында полицейлер оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, бағдаршамның түстеріне сәйкес қозғалыс тәртібін ұстану, жаяу жүргіншілер өткелін дұрыс пайдалану және жолдан қауіпсіз өту тәртібін түсіндірді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері белгіленбеген жерлерден жолды кесіп өтудің қауіптілігіне ерекше тоқталып, жол бойында сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертті.

Профилактикалық сабақтардың басты мақсаты — балалардың жол-көлік оқиғаларына ұшырауының алдын алу, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және жасөспірімдер арасында жол қозғалысы мәдениетін арттыру.

Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, мұндай түсіндіру жұмыстарын алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастыра бермек.

https://www.instagram.com/reel/Dc3GSpgK3YX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1286022?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді