
2026 жылғы 31 тамызда Қаратал аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
- «Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар мен жоспарлары туралы» аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының хабарламасы.
Баяндамашы: А. Алпысбаев – аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді
дамыту және спорт бөлімінің басшысы.
- «Баланың қажеттілігін қанағаттандыру және қабілетін анықтау мақсатында, оның жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуына қолайлы жағдайлар туғызу жұмыстары туралы» №25 бөбекжай – бақша меңгерушісінің хабарламасы.
Баяндамашы: Г. Құйқалақова – №25 бөбекжай – бақша меңгерушісі.
- «Жастардың әлеуетін ашу, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру
және жан-жақты дамуына жағдай жасау туралы» аудандық жастар ресурстық орталығы жетекшісінің хабарламасы.
Баяндамашы: Н. Рахметқазынов – Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы.Ч

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karatal/press/news/details/1286074?lang=ru

Жауап қалдыру