
2026 жылғы 4 қыркүйекте Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкері Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде өткен «Киберайлық: цифрлық қауіпсіздікке қадам» атты өңірлік форумға қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен Цифрлық қауіпсіздік айлығы аясында өткізілді.
Форумның мақсаты – халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, заманауи киберқауіптер және дербес деректерді қорғау тәсілдері туралы хабардарлықты арттыру.
Іс-шара барысында ақпараттық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және IT бағытына жауапты мамандар үшін практикалық воркшоп өткізіліп, оның барысында практикалық ұсынымдар беріліп, кәсіби тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1286073?lang=ru

Жауап қалдыру