Центр подготовки операторов беспилотных летательных аппаратов открылся в Туркестанской области 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістанда ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлау орталығы ашылды 

Түркістан облысының полиция департаментінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлау және практикалық оқыту орталығы ашылды. Жаңа орталық полиция қызметкерлерінің заманауи технологияларды меңгеріп, дронды жедел-қызметтік жұмыстарда тиімді пайдалану дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Ашылу барысында мердігер компаниясының мамандары арнайы жабдықтар мен симуляциялық кешеннің мүмкіндіктерін таныстырды. Қатысушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару, ұшыру және қондыру бойынша практикалық жаттығуларды тамашалады.

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Сейітжомарт Сейітхан оқу орталығының ашылуына үлес қосқан әрбір жанның еңбегінің маңызын атап өтті. Сондықтан орталықтың материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға жұмыс жасаған азаматтарға Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығы тарапынан алғыс білдіріп, бірқатарына арнайы марапаттар табыстады.

– Оқу орталығында Түркістан облысы ПД-нің жедел қызметтері, табиғатты қорғау полициясы мен патрульдік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері оқытылып, олардың кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған сабақтар тұрақты түрде жүргізілетін болады, – деді Сейітжомарт Сейітхан.                                                                                                                                                                                                    Жоба полиция қызметіне заманауи цифрлық технологияларды енгізіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1286072?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді