
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында арқан тартудан Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынға ие болды.
Ұлттық құраманың жеңісіне Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының мемлекеттік автоинспекторы, полиция капитаны, «Арлан» ҚР ІІМ спорт клубының мүшесі Достан Ошабаев та өз үлесін қосты. Достан Ошабаев Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында арқан тарту жарысына қатысып, алтын медаль иеленді.
Тартысты бәсекеге Қырғызстан, Пәкістан, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Ресей және Бразилия елдерінің спортшылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы арқан тартудан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар отандық спортшылар 8×8 және 4×4 санаттарында да жүлделі орындарға ие болды.
Полиция капитаны Достан Ошабаев үшін бұл халықаралық жарыстардағы алғашқы жетістік емес. Ол бұған дейін де беделді спорттық додаларда жоғары нәтижелер көрсетіп, бірнеше мәрте жеңімпаз және жүлдегер атанған. Атап айтқанда, 2024 жылы ол Түмен қаласында өткен арқан тартудан ашық турнирде және Екатеринбург қаласында ұйымдастырылған «Еуразия кубогі» халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Сол жылы Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында арқан тартудан күміс медаль иеленді. Ал 2025 жылы Қырғыз Республикасында өткен «Ыстықкөл» халықаралық спорт ойындарының жеңімпазы атанды.
Дереккөз: ШҚО ПД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1286101?lang=ru

Жауап қалдыру