
2026 жылғы 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ахмет мұрасы – қазақ тілінің тұғыры» тақырыбында Ақтүбек мәдениет үйінде дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, ғылыми және әдеби мұрасы, ана тілін дәріптеудегі еңбегі туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар қазақ тілінің қоғамдағы маңызы, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оны күнделікті өмірде кеңінен қолдану мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-aktubek/press/news/details/1286097?lang=ru

Жауап қалдыру