
Қазақстан емханаларында мамандар болған жағдайда педиатриялық учаскелер сақталады, бұл балаларға медициналық көмекті өздері тіркелген жері бойынша тікелей педиатр дәрігерден алуға мүмкіндік береді. Кадр tapшылығын жою мақсатында 2026 жылы 123 педиатр-дәрігер дайындалса, 2027 жылы тағы 91 маман оқуын аяқтайды деп күтілуде, сонымен қатар «Педиатрия» мамандығына 113 грант бөлінді. Бұдан бөлек, 2025 жылдың маусым айынан бастап емханаларда педиатриялық бөлімшелер ашыла бастап, бір жыл ішінде олардың саны 366-ға жетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1286328?lang=ru

Жауап қалдыру