
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Оралхан Бөкей атындағы кітапханада ұйымдастырылған семинарға қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін дамыту, көптілділіктің маңызын насихаттау және қызметкерлер арасында тілге деген құрметті қалыптастыру.
Семинар барысында мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны мен маңызы, қазақ тілін кәсіби ортада қолдану мәдениеті, тіл тазалығы және сауатты сөйлеу мәселелері қозғалды. Қатысушыларға қазақ халқының тіл мен мәдениетке қатысты құндылықтары жөнінде танымдық ақпараттар ұсынылып, пікір алмасу жүргізілді.
ШҚО ТЖД қызметкерлері семинар барысында тілдің ұлт бірлігін нығайтудағы рөліне ерекше мән беріп, мемлекеттік тілді күнделікті қызмет барысында кеңінен қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Тіл – халықтың рухани қазынасы, ұлттық болмыстың негізі. Ана тілімізді құрметтеу және оның қолданыс аясын кеңейту – әр азаматтың ортақ міндеті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1286346?lang=ru

Жауап қалдыру