
Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Биылғы додаға 27 орталық мемлекеттік органнан 1000-нан астам азамат қатысып, спорттың 10 түрінен бақ сынайды.
🏆 Бағдарламада:
⚽ футзал
🏐 волейбол
🥋 қазақ күресі
♟️ тоғызқұмалақ
🏓 үстел теннисі
♟️ шахмат
💪 қол күресі
🏀 баскетбол 3×3
🏊 жүзу
🎮 киберспорт
Төрт күнге созылатын спартакиада мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық бірлікті нығайтуға және өзара достық қарым-қатынасты арттыруға бағытталған.
Биылғы жарыс «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1286379?lang=ru

Жауап қалдыру