
Ташкент, 2026 жылғы 5 қыргүйек – Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарымен және Өзбекстан Республикасы Олий Мәжлісінің Заң шығару палатасы депутаттарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Аталған сапар Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алғашқы халықаралық сапары болғаны атап өтілді. Бұл екі ел арасындағы парламенттік дипломатияны одан әрі дамытуға ерекше мән береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1286400?lang=ru

Жауап қалдыру