
Биыл облыста қайта өңдеу кәсіпорындарын қажетті шикізатпен қамтамасыз етуге басымдық берілуде. Осыған байланысты дәндік жүгері алқабы 7,4 мың гектарға ұлғайып, 25,6 мың гектарға жеткізілді және одан 179,2 мың тонна жүгері жинау жоспарланып отыр.
Бұл жұмыстар өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың шикізат базасын қалыптастыруға бағытталған. Соның бірі – жүгеріні терең өңдеуге бағытталған қытайлық Fufeng Group компаниясының өндірістік кешені.
Жобаның жалпы құны 800 млрд теңгені құрайды. Өндірістік кешеннің бірінші кезеңін 2026 жылы іске қосу жоспарланған. Бірінші кезеңде жылына 500 мың тонна жүгері өңдеу көзделіп отыр.
Кәсіпорынның іске қосылуы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығын қалыптастырып, өңірдегі жүгері өндірісін дамытуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-auyl/press/news/details/1286943?lang=ru

Жауап қалдыру