
2025 жылғы 28-30 сәуір күндері аралығында Кентау қаласы аумағында азаматтық қорғау қызметтерінің қатысуымен кешенді оқу-жаттығу жұмыстары өткізіледі.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — төтенше жағдайлар орын алған кезде халықты дер кезінде хабардар ету, эвакуациялау іс-шараларын ұйымдастыру және қоғамдық қауіпсіздік дағдыларын жетілдіру болып табылады.
Осыған байланысты аталған күндері қала аумағында дабыл сиреналары қосылып, шартты эвакуациялық іс-шаралар жүргізіледі.
Тұрғындардан сабыр сақтауды, түсіністікпен қарауды және оқу-жаттығу барысында ұйымдастырушылардың барлық нұсқауларына бағынуды сұраймыз.
Сіздің қауіпсіздігіңіз — біздің ортақ міндетіміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/984246?lang=kk

Жауап қалдыру