«Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту, зерделі ұлт қалыптастыру және шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатында, 2026 жылы «Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасын еліміздің барлық өңірлерінде кең көлемде жүзеге асыру жоспарланды.

«Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасы – Қазақстан Республикасы халқының арасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және талдамалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар арасында білім көзі ретінде танымал етуге бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама.

Аталған жоба өңір тұрғындарының мәдени және рухани дамуына оң әсерін тигізіп, кітапханалардың, білім беру және мәдениет ұйымдарының қызметін жандандыруға, сондай-ақ қоғамда білім мен кітап құндылығын дәріптеуге мүмкіндік береді.

«Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» жобасын іске асыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны 2026 жылдың  қыркүйегінен басталып, 2027 жылдың наурыз айында аяқталады. Осы аралықта қатысушылар әр бағыт бойынша таңдап алып, 15 кітапты оқып шығады.

Қазіргі таңда Сіздерге  «Кітап оқитын ұлт-Читающая нация» кітап оқу марафонының https://reading-nation.kz/ сайты техникалық режимде іске қосылғанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты аталған жобаға қатысушыларды тіркеу жұмысы басталды.

https://reading-nation.kz/ сайтына өздеріңіз таңдаған бағыт бойынша тіркелулеріңізді сұраймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1287086?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді