САРЫАҒАШ: ЖОНАРЫҚТА 200 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ МЕН КІТАПХАНА САЛЫНУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жонарық ауылдық округіне жұмыс сапары барысында елді мекенде салынып жатқан 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылыс жұмыстарын бақылап, нысанның қазіргі жағдайымен танысты.
Жұмыс барысында бірқатар ескертулер айтылып, мердігер мекеме өкілдеріне анықталған кемшіліктерді жедел түзету тапсырылды. Аудан әкімі құрылыс кезінде белгіленген нормалар мен техникалық талаптардың қатаң сақталуы қажеттігін атап өтіп, нысанды сапалы әрі белгіленген мерзімде пайдалануға берудің маңыздылығына тоқталды.
Қазіргі таңда ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, ішкі қабырғаларды сырлау, еденге паркет және кафель төсеу, акт залына сахна орнату жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар нысанның сыртқы аумағында абаттандыру және қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс алаңындағы жұмыстарға 20 жұмысшы мен 3 техника жұмылдырылған. Мәдениет үйі мен кітапхана құрылысының жобасын «ST-SERVICE KZ» ЖШС жүзеге асыруда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1287155?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді