
Әйтеке би аудандық мәслихатының кезекті елуінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына және 19-бабына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:
Әйтеке би аудандық мәслихатының кезекті елу үшінші сессиясы 2026 жылдың қыркүйек айының 8-не сағат 10:00 шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 маусымдағы № 225 «Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндамашы: аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Ш. Жусупов.
2. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы.
3. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №146 «Әйтеке би ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссияларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Әйтеке би аудандық мәслихаттының 2026 жылғы 10 ақпандағы №475 «Әйтеке би аудандық жер комиссиясының ережесі және жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
|
Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы: |
|
Б. Сейлханов |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aytekebi/press/news/details/1287153?lang=ru

Жауап қалдыру