«Тіл – халықтың асыл мұрасы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биылғы жылы 5 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Костычево ауылында мерекелік іс-шара өтті.

Ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі, кітапхана қызметкері С. Қабжанованың ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары арасында «Тіл – халықтың асыл мұрасы» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға ауыл округінің әкімі Ғ. Бадильдин қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Мерекелік жиын Мемлекетіміздің Әнұранын орындаудан басталды.

Ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Г. Ғабдуллина сөз алып, көпшілікті тілдер мерекесімен құттықтап, тіліміздің одан әрі дамуына әр азамат өз үлесін қосуы керек екенін атап өтті.

Тіл грамматикасының негізін қалаушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Жарқайың ауданының Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері қатысушылар арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында жалпыұлттық диктант өткізді.

Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н. Әскербек ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, сергіту сәтін тартымды әрі қызықты өткізді.

Осындай игі бастаманы жоғары деңгейде ұйымдастырған Костычево ауылдық әкімдігіне, мәдениет және кітапхана қызметкерлеріне, сондай-ақ мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Алдағы уақытта да тілдерді дамытуға бағытталған іс-шаралар өз жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain-kostychevskoe/press/news/details/1287206?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді