
Вакцинация – өркениеттің басқа жетістіктерімен қатар үйреншікті жағдайға айналған, яғни жарық жүйесі, автокөлік, авиация, теледидар, байланыс сияқты, онсыз қазіргі өмірді елестету қиын.
Халықтың қазіргі көшіп-қонуын ескере отырып, кез келген уақытта біздің аумақта қызылша, дифтерия, полиомиелитті, ең алдымен вакцинацияланбаған және уақыт өте келе егу иммунитеті жойылған адамдарға жұқтыруға болады. Тұмау, сіреспе, көкжөтел, В вирустық гепатиті мен басқада сырқаттанушылықтардың инфекция көздері мен қоздырғыштары айналымда болғандықтан, сіз шекарадан өтпей-ақ ауырып қалуыңыз мүмкін.
Вакцинациямен басқарылатын инфекциялық аурулардың салдары қандай болуы мүмкін? Қызылша: пневмония, отит, көру және есту нервтерінің қызылшамен зақымдануы соқырлық пен кереңдікке әкелуі мүмкін, энцефалит, менингит – 10% жағдайда қызылша энцефалиті өлімге әкеледі.
Дифтерия: жүйке жүйесінің зақымдануы (науқастардың өміріне ең үлкен қауіп-жұтқыншақ, тыныс алу, қабырға аралық бұлшықеттер мен диафрагманың парездері мен параличтері), миокардит, жүрек бұлшықетінің қабынуы неғұрлым ерте пайда болса, соғұрлым ауыр болады және науқастың өміріне қауіп төндіреді.
Сіреспе: өлім ауаның жетіспеушілігінен болуы мүмкін (дауыс желбезегінің түйілуінен қабырға аралық және диафрагмалық бұлшықеттерге күш түседі), мидың зақымдануы – тыныс алу мен жүректің тоқтауы, сіреспе ұстамалары сүйектердің сынуы және бұлшықеттердің жыртылуымен бірге жүруі мүмкін.
Көкжөтел: ұзақ уақытқа созылған ұстамалы жөтел тыныс алудың қысылуына немесе тоқтауына, ми жасушаларының оттегі ашығуына, орталық жүйке жүйесінің бұзылуына (құрысулар, сананың жоғалуы, спазмалық параличтер, миға қан кетулер), пневмонияға, құлақ қалқанының жарылуына әкелуі мүмкін.
Тұмау: пневмония немесе өкпенің қабынуы-ең көп таралған салдардың бірі, отит, гайморит, тұмау энцефалиті, миокардит, созылмалы бүйрек, өкпе және жүрек-қан тамырлары ауруларының өршуі, ауыр түрінде жүкті әйелдерде, қант диабетімен ауыратын науқастарда және май алмасуы бұзылған адамдарда болады.
Эпидаротит: менингит құбылыстарымен, әсіресе орхитпен (инфекциялық сипаттағы аталық бездің қабынуы) ауыр болуы мүмкін, бұл кейіннен ер адамдардың бедеулігін тудырады.
В вирустық гепатиті: өлім-жітімнің жоғары деңгейімен сипатталатын В вирустық гепатитінің ең қауіпті асқынуы-жедел бауыр жеткіліксіздігі, созылмалы В вирустық гепатиті қатерлі ісік пен бауыр циррозының себебі болып табылады.
Бірақ профилактикалық егулерді жүргізу қажеттілігі туралы түсіндірулерге қарамастан, иммундаудан бас тартушылардың саны артуда. Соңғы жылдары (5-7 жылмен салыстырылған кезең) бас тарту саны 2-ден 5 есеге дейін өсті. Бүгінгі таңда Жетісу облысында барлығы өсу қарқынымен (2017-2026жж. кезеңінде) профилактикалық егуден 3793 бас тарту тіркелді, оның ішінде 2026 жылдың 7 айында 476 жаңа бас тарту жағдайы есепке алынды.
Баласын вакцинациялаудан бас тартқан әрбір адам, вакцинация арқылы алдын алуға болатын инфекциялармен ауырғаны үшін ең алдымен өзі және баласына жауапкершілік алады. Егер вакцинацияланбаған балалар мен ересектер ауырып, инфекция көзі болаынын ескерсек, онда вакцинациядан бас тартқандар – ауруды жұқтырған адамдарға моральды жауапты болады. Облыста 2026 жылдың 7 айында қызылшаның 147 жағдайы тіркелді. Жас құрылымы мен иммундық мәртебесі бойынша сырқаттанушылықтың 66,7% (98) 5 жасқа дейінгі балаларға және қызылшамен ауырғандардың 85% (125) егілмеген балалар мен егу мәртебесі белгісіз адамдарға тиесілі.
Бүгінгі күні 10 ата-ананың 3-і баласын ектірмей, иммундаудан бас тартады немесе екпені кейінге қалдырады, себебі олардың пікірінше, вакцинациядан болатын қауіп аурудан кейінгі ауыр асқынулардың пайда болу қаупінен әлдеқайда жоғары. Олар вакцинация жүргізу мен профилактикалық егулерді енгізгеннен кейінгі жағымсыз реакциялардың пайда болуы (мысалы, аутизм, бедеулік, дамудың артта қалуы және т.б.) арасындағы тікелей байланысты жоққа шығаратын көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қабылдамайды.
Вакцинация әр мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне интеграцияланған. Қазір вакцинация әдеттегідей қабылданады, ал кей адамдар жеке құқықтарға ену деп қабылдайды. Иә, бұл баланың әрбір оныншы өлімінің себебі инфекциялық ауру болған 20 ғасырдың басы емес. Бірақ бүгінгі күні Сіз шешек немесе полиомиелиттен қайтыс болған адамды білмейсіз, Сіз полиомиелиттен кейінгі мүгедектерді көшеде кездестірмейсіз. Ал адамдар егер вакцинацияны тоқтатса, ұмытылған аурулар біздің өмірімізге оралса, не болатыны туралы ойламайды.
Сондықтан профилактикалық егулерді жүргізу үшін салмақты және ақылға қонымды шешім қабылдаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз – қажетті профилактикалық егулерді уақтылы алыңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-zhetisu/press/news/details/1287124?lang=ru

Жауап қалдыру