Ақмола облысы Бурабай аудандық сотының 07.09.2026 жылғы үкімімен Х.Т. («Центр плова Loft» кафесінің басшысы) ҚК-нің 292-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде 7 жылға бас бостандығынан айыру, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілерін ұйымдастыру және пайдалану жөніндегі кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды.
Ж.Ж. (Шерол-2017 ЖШС директоры) ҚК-нің 306-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
В.Ф. (газ жеткізуші) ҚК-нің 306-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Аталған тұлғаларға 2026 жылғы 26 ақпанда сағат 21:56-да Щучинск қаласы, Ломоносова көшесі, 6 «А» мекенжайында орналасқан «Центр плова Loft» кафесінде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алу бойынша айып тағылды.
Жарылыс салдарынан ауруханаға 28 зардап шеккен адам жеткізілді, олардың 12-сі қайтыс болды (5-еуі оқиға орнында, 7-уі ауруханада), 11 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды, қалған 5 адамның денсаулығына қауіп төнгені анықталған жоқ.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1287417?lang=ru

Жауап қалдыру