Құқық бұзушылық туралы хабарлау – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құқық бұзушылық туралы хабарлау – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлес

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту – тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ғана міндеті емес. Бұл тұста тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы, болып жатқан жағдайларға бейжай қарамауы және қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысуға дайын болуы маңызды рөл атқарады.
Қостанай облысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары бекітілді. Аталған құжат қоғамдық көмекшілер мен өз белсенділігі арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың жолын кесуге және ашуға ықпал ететін азаматтарды қолдауға бағытталған.
Бұл – «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудағы маңызды қадам. Қоғамдағы қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарының жұмысына байланысты емес. Ол әр адамның жеке жауапкершілігінен, заң бұзушылықтарға төзбеушіліктен және қоғамдық тәртіптің ортақ құндылық екенін түсінуден басталады.
Қағидаларда құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлі шаралары көзделген. Олардың қатарында алғыс жариялау, грамотамен марапаттау, ақшалай сыйақы беру, оқуға және біліктілігін арттыруға жіберу, сондай-ақ құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградаларға және құрметті атақтарға ұсыну қарастырылған.
Фото немесе бейнематериалдар қоса берілген әкімшілік құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған азаматтарға ерекше назар аударылады. Бұл ретте келіп түскен ақпарат уәкілетті органдар тарапынан міндетті түрде тексеріледі. Көтермелеу құқық бұзушылық фактісі расталғаннан кейін және Қағидаларда белгіленген тәртіп сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
Көтермелеудің түрі мен мөлшері азаматтың құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесін ескере отырып айқындалады. Атап айтқанда, ақшалай сыйақы мөлшері айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен аспауы мүмкін.
«Заң мен тәртіп» қағидаты қарапайым әрекеттерден басталады: бейжай қалмау, айналадағы адамдардың құқықтарын құрметтеу, белгіленген нормаларды сақтау және құқыққа қайшы әрекеттерге тек заңды жолмен уақтылы ден қою.
Қостанай облысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларымен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V26N0039307

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-milyutin/press/news/details/1287448?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді