«КӨЛІКТІК (ТАСЫМАЛДАУ), КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ӨЗГЕ ДЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ТАУАРЛАРҒА ДЕКЛАРАЦИЯ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚҚА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 12-тармағына өзгеріс енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 28 шілдедегі № 99 шешімі (бұдан әрі – № 99 Шешім) және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 23 «Арнайы кедендік рәсім қолданылатын тауарлардың санаттары, тауарлардың осындай санаттарын арнайы кедендік рәсімге орналастыру шарттары және оны қолдану тәртібі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 70 шешімі (бұдан әрі – № 70 шешім) қабылданғанын хабарлаймыз.
№ 99 шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң (Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында 2026 жылғы 31 шілдеде жарияланған) – 2026 жылғы 10 тамызда күшіне енді.
№ 70 шешім ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң (Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында 2026 жылғы 29 шілдеде жарияланған) – 2026 жылғы 8 тамызда күшіне енді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-aktobe/press/news/details/1287452?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді