ОТЫРАРЛЫҚ КӘСІПКЕР ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТЫП ОТЫР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданы, М.Шойманов елді мекенінің тұрғыны Арапбай Азамат Махсұтұлы ауылдық жерде кәсіпкерліктің жаңа бағытын дамытып отыр. Ол өз үйінің аумағынан шағын бассейн соғып, онда жергілікті климатқа бейімделген сазан мен маринка балықтарын өсіруді қолға алған.
Балықты шабақ кезінен күтіп баптаған кәсіпкердің тұқымбағында бүгінде 4000-нан астам ірілі-ұсақты балық бар.
«Қолдан балық өсіру оңай шаруа емес. Себебі балықты дер кезінде жемдеп, судың деңгейін қадағалап отыру қажет. Балық өсіруді осыдан 3 жыл бұрын бастаған едім. Үй шаруасында оны жемдеп, күтіп, қарағандықтан болар, балықтардың салмағы да жақсы. Алдағы уақытта балықтарды сатылымға шығаруды көздеп отырмын. Кейіннен босаған бассейндерге жаңа шабақ алып, өсіремін», – дейді кәсіпкер.
Осылайша ауылда тұрып отбасылық кәсіптің озық үлгісін көрсетіп жүрген Азамат Арапбайұлының бұл бастамасы өңірдегі шағын бизнестің әлеуетін арттырып қана қоймай, жергілікті тұрғындарды сапалы, экологиялық таза өніммен қамтуға үлес қосып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1287634?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді