
Астанада полицейлер елорданың дәмханаларының бірінің маңында пиротехникалық бұйымдарды қолданып, қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады.
Қазақ ұлттық спорт университетінің студенті Армат Әнуарбеков сүйіктісін туған күнімен ерекше құттықтау мақсатында дәмхана маңында пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан.
Алайда мерекелік тосынсый әкімшілік жауапкершілікке әкелді.
Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық және және пиротехникалық бұйымдарды елді мекендерде қолдану фактілері бойынша бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен жас жігітке бес тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды.
Астана қаласы Полиция департаменті пиротехникалық бұйымдарды қоғамдық орындарда белгіленген талаптарды бұза отырып пайдаланудың азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, айналадағы адамдардың тыныштығын бұзуы мүмкін екенін ескертеді.
Мерекелік көңіл-күй қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болмауы тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1287654?lang=ru

Жауап қалдыру