
Мойынқұмда полиция жастар арасында «Есірткісіз болашақ» футбол турнирін өткізді
🚔Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Есірткісіз болашақ» ұранымен футболдан турнир өтті.
📌Турнирдің басты мақсаты – жастарды спортқа баулу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткінің зияны туралы түсіндіру арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу.
⚽Жарыс барысында командалар жеңіске деген жігерін танытып, спорттық шеберлік, тәртіп пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Қатысушыларға спортпен шұғылданудың зиянды әдеттерден аулақ болудағы маңызы түсіндірілді.
🏆Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командаларға естелік сыйлықтар, медальдар, сертификаттар, кубоктар мен дипломдар табысталды. Сонымен қатар қатысушыларға «Есірткісіз болашақ» жазуы бар футболкалар мен бейсболкалар естелікке берілді.
🚔Іс-шараны Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Мойынқұм ауданының ішкі саясат бөлімі және Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес құрамындағы «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1287796?lang=ru

Жауап қалдыру