Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінің талаптарын күшейту және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртіпті бұзуының алдын алу бойынша семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Екатерина Сергеевна Аубакированың қатысуымен «Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінің талаптарын күшейту және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртіпті бұзуының алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында мынадай өзекті мәселелер қаралды:

1) Мемлекеттік автокөлікті қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға жол бермеу.

2) Қызметтен тыс уақытта мінез-құлық нормаларын сақтау, соның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік мас күйде болуға жол бермеу.

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің имиджіне нұқсан келтіруі мүмкін мінез-құлық пен көріністердің алдын алу.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар қызметтік автокөлікті лауазымдық міндеттерді атқарудан тыс уақытта пайдалану фактілерін толықтай болдырмай отырып, ҚР Әдеп кодексінің 2-тарауы талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қызметтен тыс уақытта қоғамдық орындарда болған кезде беделге нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге, қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермей, ҚР Әдеп кодексінде белгіленген мінез-құлық стандарттарын бұлжытпай сақтауға бағытталған осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1287835?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді