Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезектен тыс LIV сессиясы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Баянауыл аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезектен тыс LIV сессиясы өтті.

Отырысты Баянауыл аудандық мәслихатының төрағасы Руслан Рахметоллаұлы Мұқашев жүргізді.

Бірлескен отырыс пен кезектен тыс сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, Майқайың кенті мен ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде Баянауыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №386/41 «2026-2028 жылдарға арналған Баянауыл аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі және Баянауыл аудандық маслихатының 2026 жылғы 09 сәуірдегі Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы қаралды.
Отырысты талқылау барысында депутаттар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, қаралып отырған мәселе бойынша бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-bayanaul/press/news/details/1287963?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді