Қазақстандағы Отбасы апталығының екінші күні саналы түрде шаңырақ көтеру тақырыбына арналды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда Отбасы күніне орай ұйымдастырылған апталық жалғасып жатыр. Апталықтың «Саналы түрде шаңырақ көтеру» тақырыбымен өткен екінші күні жастардың өмірлік серігін таңдауға, отбасын құруға және бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауына арналды.

Өңірлерде отбасылық спорт сайыстары, шығармашылық фестивальдер мен концерттер, форумдар мен пікірталас алаңдары, зияткерлік байқаулар және интерактивті іс-шаралар ұйымдастырылды.

Еліміздің барлық аймағындағы Отбасын қолдау орталықтарында некеге тұруды жоспарлап жүрген жұптарға арналған оқыту курстары өтті.
Қатысушылар ерлі-зайыптылардың заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін, өзара құрмет пен серіктестік қағидаттарын, қаржылық және құқықтық сауаттылықты, эмоциялық интеллектіні, репродуктивті денсаулық пен отбасын жоспарлау мәселелерін талқылады.

Жоғарғы оқу орындарында студенттерге арналған «Салауатты қарым-қатынас қандай болуы керек?» тақырыбындағы дәрістер мен практикалық сабақтар өткізілді. Оларға психологтер, заңгерлер, медицина қызметкерлері және Отбасын қолдау орталықтарының мамандары қатысты.

Апталықтың келесі күні саналы ата-ана болу тақырыбына арналады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1287969?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді