
Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы өтті, онда 2024 жылғы аудандық бюджеттің және Қарабалық кентінің бюджетінің атқарылуы мәселелері қаралды.
Аудандық бюджетті атқару мәселесі бойынша «Қарабалық ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ басшысының м.а. М.Д. Альмагамбетов және бюджеттік бағдарламалар әкімшісі, «Қарабалық ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің басшысы М.Ы. Ыбырай тыңдалды.
Қарабалық кентінің бюджетін атқару бойынша кент әкімінің м.а. Е.М. Мухамедгалиев есеп берді.
Комиссия аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында есептерді бекітуге жіберу туралы қаулы шығарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/984029?lang=kk

Жауап қалдыру