Хромтау ауданында Ақжар және Жазық ауылдары маңындағы екі көпірде көлік қозғалысы іске қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Хромтау ауданындағы Ақжар және Жазық ауылдары арасындағы жаңа жолда автокөлік қозғалысы ашылды.

Бұл – ұзындығы 28 шақырымды құрайтын, бірінші техникалық санаттағы жаңа асфальт жол. Жол учаскесінде екі жол өткелі бар – Ақжар ауылы маңында және Жазық теміржол өткелінің үстінде.

Бүгінде төрт жолақтың екеуі көлік қозғалысына ашылды.

Жолдың техникалық санатын арттыру және жол өткелдерінің салынуы автокөліктердің қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етіп, теміржол өткелінде күту қажеттілігін жояды.

Жалпы «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолын үшінші техникалық санаттан бірінші санатқа ауыстыра отырып қайта жаңғыртылуда. Жобаның жалпы ұзындығы – 262 шақырым. Жеті учаскенің барлығында мердігерлер анықталып, құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1288023?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді