
Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Нотариаттық палата өкілімен бірлесіп, О. Көшеков атындағы Атырау қаласының аграрлық-техникалық колледжі студенттеріне «Менің таңдауым – зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасында және қоғамда өзара сыйластық пен қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жастардың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыру.
Дәріс барысында студенттерге зорлық-зомбылықтың алдын алу, өз құқықтарын қорғау және құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар өзара құрметтің маңыздылығына, жеке шекараны қорғай білуге және жанжал туындаған жағдайда дер кезінде көмекке жүгінудің қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауына, сондай-ақ қоғамда өзара құрмет пен зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1288254?lang=ru

Жауап қалдыру