
Жиынға аудан әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясының төрағасы Н.А.Адаев төрағалық етті, қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, аудандық аурухана дәрігерлері, учаскелік полиция инспекторлары, ауылдық округ әкімдері мен әскери есеп мамандары қатысты.
Шара барысында 2026 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Шара соңында шақыру науқанына белсенді қатысқан бірқатар мамандар марапатталды. Аудандық шақыру комиссиясының хатшысы Л.Т.Салиеваға Бауыржан Момышұлының “Батыр Шапағаты” медалі табысталды.
Сондай-ақ Қопа ауылдық округінің әкімі А.К.Есболаев, полиция аға лейтенанты Н.Темірханұлы, терапевт дәрігері Ж.С.Кереева департамент бастығының алғыс хатымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1288340?lang=ru

Жауап қалдыру