
Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде «Жас құтқарушылар» клубтарына арналған ашық есік күнін өткізді. Шараға Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, Қызыл Ай қоғамының өкілдері, Тараз мамандандырылған колледжінің студенттері және №41 мен №47 орта мектептердің «Жас құтқарушылар» клубтары қатысты. Кездесу барысында жастар: Өрт сөндірушілер мұражайын аралап, қызметтің тарихымен танысты. Заманауи өрт сөндіру техникалары мен арнайы құрал-жабдықтарды өз көзімен көрді. Медициналық апаттар қызметкерлері мен Қызыл Ай өкілдерінен шұғыл жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйренді. Бұл шара жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын арттырды.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1288492?lang=ru

Жауап қалдыру