
2026 жылғы 21–23 қазанда Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да «Энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау» 24-ші Қазақстандық халықаралық көрмесі – Powerexpo Almaty 2026 өтеді.
2001 жылдан бері өткізіліп келе жатқан көрме энергетика саласындағы мамандар, жабдықтар мен технологиялар өндірушілері және жеткізушілері, жобалау және инжинирингтік ұйымдар үшін іскерлік кездесулер, тәжірибе алмасу және жаңа байланыстар орнату алаңы болып табылады.
Көрмеде электр және жылу энергетикасы, электр және жылу желілері, автоматтандыру, цифрландыру, энергия тиімділігі және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағыттарындағы заманауи шешімдер мен жабдықтар ұсынылады.
Көрмеге 2025 жылы 17 елден 234 компания қатысып, 3,8 мыңнан астам сала маманы келді. Биыл да халықаралық компаниялар мен салалық мамандардың қатысуы жоспарлануда.
Powerexpo Almaty 2026 көрмесіне алдын ала тіркелу ашық. Қатысушылар POWERLINK промокодын пайдаланып, көрмеге тегін тіркеліп, жеке бейджін кезексіз ала алады.
Көрменің ресми сайты – powerexpo.kz
Көрме туралы жаңалықтар мен өзекті ақпаратты Instagram әлеуметтік желісіндегі @powerexpo_kz ресми парақшасынан да көруге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kasipkerlik-temirtau/press/news/details/1288615?lang=ru

Жауап қалдыру