Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен бір ошақтан топтасқан бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты атқарылған іс-шаралар және аса қауіпті жұқпалардың тасымалдануын және таралуын алдын-алу, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде 04.09.2026 жылғы №300-НҚ бұйрығы негізінде дөңгелек үстел өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дөңгелек үстелге Маңғыстау облысының аумақтық ветеринариялық  инспекциясы, Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы, Мұнайлы аудандық ішкі істер органдары өкілдері, Ақтау қалалық және Мұнайлы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  басқармаларының басшылары қатысты.

Дөңгелек үстелде бруцеллез ауруының таралуының алдын-алу, ауру ошағын оқшаулау, ветеринариялық-санитариялық шараларды күшейту және жауапты мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1288664?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді